Елімізде 1-сыныпқа бала қабылдау басталды

Елде 1-сыныпқа бала қабылдау басталды. Биыл науқан жылдағыдан ерте жүргізіліп жатыр. Сәйкесінше 1 тамызға дейін ғана жалғасады.

Ата-аналар ұл-қызын үйде отырып қалаған мектепке бере алады. Ол үшін егов.кз немесе сакура сайтына кіріп, тиісті рәсімдерді орындау керек. Өтініш берушіден небәрі 4 құжат сұралады. Олар ата-ана өтініші, баланың туу туралы  куәлігінің көшірмесі, денсаулық төлқұжаты және 3 * 4 өлшеміндегі фотосурет. Түскен өтініштерді саралау кезінде «үшке бір» қағидасы ескеріледі. Яғни алдымен мектепке жақын маңайдағы үш бала алынады. Содан кейін ғана орын басқа аумақта тұратын балаға тиеді. Құжаттың өткен-өтпегені туралы өтініш толтырушыға хабарлама жіберіледі.