Шымкентте «Тәуелсіздік тағылымы» конференциясы өтті

Шымкентте «Тәуелсіздік тағылымы» конференциясы өтті

Ғылымның дамуы бәсекеге қабілетті ел болудың кепілі. Шымкентте академик Әбдімұса Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде «Тәуелсіздік тағылымы» атты ғылыми-теориялық конференция өтті.

Жиында 9 мемлекеттің ғалымдары мен ел профессорлары баяндама оқыды. Конференцияда «Қуатбеков оқуларының» алғашқы басылымы да таныстырылды. Оқу үрдісіндегі ІТ-технология, баламалы энергия, әлеуметтік гуманитарлық мәселелер тақырыбын арқау еткен жиынға жалпы саны 342 мақала келіп түскен.

Жамалладин Махмудов, химия және биология кафедрасының профессоры:

- Республикамыз бойынша топырақ құнарлылығын зерттеп, тек оны зерттеп қоймай, оның құнарын көтеруге мүмкіндігіміз бар. Соған енді біз жобаларды дайындап жатырмыз. Егер Үкімет тарапынан қолдау болса біз дайынбыз. Әлем елдерінде біз Ресей Федерациясы мен Өзбекстан, Түрікменстан, өз республикамызда, Франция мемлекетімен, Израильмен, Малайзия, БАӘ жұмыс істеп жатырмыз.