Мектептерге карантинді бұзғаны үшін 17,8 млн теңге айыппұл салынды

Мектептерге карантинді бұзғаны үшін 17,8 млн теңге айыппұл салынды

Мектеп ұйымдарына карантин талаптарын сақтамағаны үшін 18 миллион теңгеге жуық айыппұл салынған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жыл басынан бері мониторингтік топтар шамамен алты мың білім ошағын тексерген. «Шектеу шараларына елемей, карантинді сақтамағандар әрбір оныншы білім беру мекемесінде кездесті», - дейді мамандар. Мектептерде көп жағдайда таңертеңгілік тексеру жасалмайды. Оқушылар тұрмақ, мұғалімдердің өздері де бетперделік режимді сақтамаған. Ал бірқатар мекемелерде арақашықтық белгілері қойылмаған. Тіпті сыныптардағы парталар арасындағы қашықтық сақталмағаны да белгілі болды. Кейбір сынып бөлмелерінде ылғалды тазалау және залалсыздандыру жүргізу кестесі бұзылған. Сонымен қатар бақылау топтары қоданылған маскаларды жинауға арналған дезинфекциялық құралдар мен контейнерлердің жетіспеушілігі бар екендігінде тіркеді.