Күзде оқушылар мектепке барып оқуы мүмкін

Күзде оқушылар мектепке барып оқуы мүмкін

Жаңа оқу жылы дәстүрлі форматта өтуі мүмкін. Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова мәлімдеді.

Айтуынша, қазір дөп басып айту қиын. Бірақ күзге дейін елде ұжымдық иммунитет қалыптасып үлгірсе, онда оқушылар қайтадан партаға жайғасады.

Айжан Есмағамбетова, ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы: 

- Әрбір тоқсан сайын оқушылар қайтадан мектепке баратын шығар деп үміттендік. Бірақ олай болмады. Бірақ қазір бізде вакцина бар. Егер халық жаппай екпе қабылдаса, ұжымдық иммунитет қалыптасады. Ондай кезде оқушылар мектепке емін-еркін бара алады. Сондықтан алда қалай боларын күту керек.