Қостанай облысында ҰБТ қалай өтуде?

Қостанай облысында ҰБТ қалай өтуде?

Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеуге қостанайлық мыңдай жас түлек қатысады деп жоспарланған.

Он күн ішінде аймақ оқушыларының үштен бір бөлігі мемлекеттік емтиханнан өтті. Қостанайдан бөлек, тапсыру пунктері Лисаков және Арқалық қаласында ашылды. Әзірге олар жұма, сенбі және жексенбі күндері ғана істейді. Ал маусым айынан бастап сынақтарды аптасына алты күн тапсыру мүмкіндігі болады.

Нұргелді Хасенов, ҰБТ орталығының қалалық филиал басшысы:

– ҰБТ-дан мың жарымдай адам өтті. Олар өздеріне сай балдарын алды. Қазіргі уақытта жұмыс шартты режимде жүріп жатыр. Ешқандай ауытқулар болған жоқ. Кейбір балалар болды, кіреберісте өздерімен бірге рұқсат етілмеген заттармен кірген. Оларға қатысты алдын ала шаралар қолданып, аудиторияға кіргізбедік. Бір компьютер, бір камера және бір тестіге қатысушы. Сондай принцип бойынша биылғы жылы ҰБТ жүргізіліп жатыр.