Мектепке апаруға болмайтын заттар тізімі бекітілді

Бұдан былай ата-аналар баласы мектепке алып барған әр зат үшін жауапты болады.

Білім және ғылым министрлігі осындай жаңа ереже енгізбек. Атап айтсақ, білім ұяларына қару-жарақ пен оған ұқсас заттарды әкелуге қатаң тыйым салынады. Сондай-ақ өткір, үшкір, жарылғыш, улы және психоактивті заттарды алып кіруге болмайды. Бұл талап орындалмаған жағдайда ата-атаалар жауапқа тартылады, деп хабарлайды министрлік өкілдері.

Ведомство басшысы Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, бұл балалардың қауіпсіз ортада білім алып, түрлі заң бұзушылықтардың алдын алу үшін жасалып отыр. Сонымен қатар сабақ кезінде смартфон, планшет, плейерлерді қолдану шектеледі.

Айта кетейік, аталған талап денсаулығына байланысты ерекше жағдайда білім алатын оқушыларға қатысты емес.