Еуразия ұлттық университеті QS рейтингісінде 90 саты көтерілді

Еуразия ұлттық университеті QS рейтингісінде 90 саты көтерілді

Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті QS әлемдік оқу орындары рейтингінде 90 сатыға көтерілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы тізімге 93 елден 1300 университет енген. Солардың ішінде отандық оқу орны 328-ші орынға тұрақтады. Сондай-ақ бас рейтингке тағы 13 қазақстандық университет еніп, ел тарихында үздік нәтиже тіркелді. Бүгін университет ректорларына әлемдік ұйым өкілдері естелік белгілерін табыс етті.