Ақтөбелік дарынды жас халықаралық Олимпиаданың алтын медалін еншіледі

Ақтөбелік дарынды жас халықаралық Олимпиаданың алтын медалін еншіледі

Ақтөбелік дарынды жас Рустам Валеев география пәні бойынша халықаралық Олимпиаданың алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл – аталмыш пәннен ел қоржынына түскен алғашқы жүлде. Білім сайысы соңғы бір апта бойы Түркияда өтті. Пандемияға байланысты қатысушылар онлайн түрде додаға түсіп, бақтарын сынады. Әлем бойынша 46 елден өтініш білдірген 200 жас мультимедиялық тест тапсырып, картографиялық бейнелеуден өз өнерлерін көрсеткен. Нәтижесінде ақтөбелік дарын халықаралық байқаудың жеңімпазы атанды. Бұл Рустам Валеевтің география пәні бойынша алғашқы жүлдесі емес. Ол бұған дейін еуропалық Олимпиаданың күміс медалін иеленген болатын.

Рустам Валеев, халықаралық пәндік Олимпиаданың жеңімпазы:

- Қазір таңдау мүмкіндігі мол. Жер, ауа қабатын зерттеумен байланысты ғылымға бағытталған географияны да басты мамандық етуге болады. Болмаса, экономикаға негізделген пәнді таңдау қажет деп ойлаймын. Сондықтан болашағымды осы географиямен байланыстырған соң дұрыс таңдау жасау қажет.