Елордада «Көшбасшы-2021» құрылтайы басталды

Білім қуған жігерлі жастар елордаға жиналды. Бүгін бас қалада «Көшбасшы-2021» құрылтайы басталды.

Жиын ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған. Құрылтай жас буынды отансүйгіштікке баулып, елге қызмет ету үшін қажетті тұлғалық қасиеттерді қалыптастыруға үлес қосатынына сенімдіміз, – дейді ұйымдастырушылар. Екі күнге жалғасатын шарада «Білім-инновация» лицейлерінің мектеп президенттері өзекті тақырыптар төңірегінде пікір алмасып, тың зерттеулерімен бөліседі. Еліміздің әр аймағындағы 40-қа жуық мектептен келген оқушының әрқайсысы өз жобаларын ала келген. Бұдан бөлек, жас көшбасшылар қоғам қайраткерлерінің ақыл-кеңесін тыңдап, өз саласының білікті мамандарынан дәріс алмақ. 

Аяулым Бақтияр, мектеп-интернат оқушысы:

- Жоба көп. Түрлі бағытты қамтыдық. Медиа, білім, тәрбие және шығармашылық. Осы 4 бағытта түрлі жобалар, клубтар ашылуда.

Мұхаммедәли Ибрагимов, «Білім-Инновация» ХҚҚ бірінші вице-президенті:

- «Сапалы білім – саналы тәрбие» дейміз. Барлық күшін салып, жан-жақты болып, бүкіл елге, мектебіне, аймақтағы білім саласына үлес қосуы керек. Қазіргі заманның талабына сай, жан-жақты көшбасшы болуы керек.