АХҚО алаңында британдық университет филиалы ашылады

АХҚО алаңында британдық университет филиалы ашылады

«Астана» Халықаралық қаржы орталығының алаңында белді британдық университеттің филиалы ашылады.

Техникалық жоғарғы оқу орынында ел экономикасына қажетті мамандықтар ескеріледі. Сондай-ақ ресей университетінің филиалын ашу мүмкіндігі қарастырылды. Бұл туралы Ералы Тоғжановтың білім беру саласындағы шетелдік инвесторлармен кездесуінде айтылды.

Премьер-министрдің орынбасары қазақстандық тараптың беделді шетелдік университеттердің филиалдарын ашуға, қажетті көмек көрсетуге дайын екенін атап өтті. Білім және ғылым министрлігіне шетелдік университеттердің ұсыныстарын зерделей отырып, әлеуетті инвесторлармен келіссөздерді жеделдету жөнінде тапсырма берді.

Австрия мен Түркияның инвестициялық компанияларының өкілдерімен денсаулық сақтау саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері бойынша да кездесу өтті. Келіссөздер барысында көп бейінді аурухана ашу, Қазақстанның денсаулық сақтау саласында инновациялық шешімдерді қолдану мүмкіндіктері қаралды. Компаниялардың ұсыныстарын Денсаулық сақтау министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп қарайды.