Жамбыл облысында 428 түлек «Алтын белгі» иегері атанды

Жамбыл облысында 428 түлек «Алтын белгі» иегері атанды

Өңірде биыл 11 800-ге жуық оқушы мектеп бітірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аймақ бойынша 428 оқушы «Алтын белгі» алды. Әсіресе Тараздағы №8 мектеп түлектерінен 10 бала «Алтын белгіге» қол жеткізген. Қазір өңірде Ұлттық бірыңғай тестілеу жүріп жатыр. Оған қатысуға 9 мыңдай түлек ниет білдірген.

Жанна Қалыбаева, облыстық білім басқармасының бас маманы:

Бірінші этапын тапсырып қойды. ҰБТ 16 мамырдан басталып кетті. 5 шілдеге дейін әлі жалғасын табады. Алтын белгіге үміткерлер екі пән бойынша үлкен облыстық комиссия құрылды. Сол комиссия жұмыстарын қарады. Ал үздік аттестатты аттестатқа түсіп тұрған бағалардың 5 болып тұрса, жыл бойына ол үздік аттестат алады.