Ақсудағы мектепті жөндеу жұмыстары уақытылы аяқталмауы мүмкін

Ақсу қаласындағы мектепте жөндеу жұмыстары уақытында аяқталмауы мүмкін.

Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының аймаққа жұмыс сапары барысында белгілі болды. Мәжілісмендер бірқатар білім беру нысанындағы жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Ақсу қаласындағы мектеп 1967 жылдан бері жөндеу көрмеген. Енді «Заманауи мектеп» бағдарламасы бойынша жаңа кейіпке енбек. Ол үшін 420 млн теңге бөлінді. Қазіргі уақытта бірнеше мердігер нысанда қатар жұмыс істеп жатыр. Мамандардың айтуынша, белгіленген кестеден ауытқушылық бар. Жөндеуді дер кезінде аяқтау үшін мердігерлермен кездесу өтті.

Анатолий Бойчин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Бірқатар мәселе туындап жатыр. Мектепті бірнеше мердігердің бригадалары жөндеп жатыр. Жұмыс кестелері әртүрлі. Дұрыс жоспарланбағандықтан жұмыстар кеш аяқталуы мүмкін. Бұл жағдай бойынша талқылау жүргіземіз. Мамандар түсіністік танытты. Мектеп біздің назарымызға алынды.