Ресей ЖОО-да оқитын қазақстандық студенттер көші-қон картасын бір мақсатта толтыруы керек

Ресей ЖОО-да оқитын қазақстандық студенттер көші-қон картасын бір мақсатта толтыруы керек
ҚР РФ елшілігінің баспасөзі

Ресейге кірген кезде күндізгі және кешкі бөлімде оқитын студенттер көші-қон картасын толтырып келу мақсатын «оқу» деп көрсетуі керек. Егер келу мақсатының басқа түрлерін көрсетсе, Ресей Федерациясының көші-қон заңнамасын бұзу болып есептелінеді, деп хабарлайды «Хабар 24» ҚР РФ елшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Студенттер барған күннен бастап 90 күн ішінде белгіленген медициналық ұйымдарда медициналық тексеруден өтуі тиіс. Мұндай ұйымдардың тізімін университеттердің әкімшілінен сұрауға болады. Ресей Федерациясының аумағындағы барлық шетелдік азаматтар үшін сақтандыру полисінің болуы міндетті екенін де ескертеді. ЖОО сақтандыру компанияларымен бірлесіп, студенттерге арналған арнайы бағдарламаларды, соның ішінде 07.01.2021 жылғы № 274-ФЗ Федералдық заңына сәйкес ақылы медициналық тексеруден өту қызметтерін әзірледі.