80-нен астам білім беру мекемесі мемлекеттік аттестациядан өтпей қалды – ШҚО

Облыста 80-нен астам мектеп пен балабақша мемлекеттік аттестациядан өте алмады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Облыстық білім сапасын бақылау департаменті биыл 167 білім беру ұйымын тексергенде осындай олқылықтарды анықтаған. Тек 16 оқу ордасы ғана сынақтан сүрінбеген. Тексеріс кезінде өңірдегі мектептердің көпшілігінің материалдық-техникалық базасының төмендігі, химия, физика кабинеттерінің дұрыс жабдықталмағаны белгілі болған.

Зейнеп Махсұтова, облыстық білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы:

– Педагог кадрлардың білімдері сәйкес келмейді. Ең негізгісі, білім стандарты орындалмаған. 27 мемлекеттік аттестацияның қорытындысы бойынша аталған заң бұзушылықтарды жою бойынша әр мектепке мерзім қоямыз. Бір айдан бір жылға дейін.