Ақылы ҰБТ-ға тіркелу басталады

Дүйсенбіде тамыз айындағы ұлттық бірыңғай тестілеуге тіркелу басталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл ақылы сынақ. Тестілеу 10-13 тамыз аралығында өтеді. Тіркелу үшін үміткерлер 4230 теңге төлеуі тиіс. Кейін сынақ уақыты мен орнын өзі таңдайды. Ал бұған дейінгі негізгі сынақтан сүрінген талапкер мамандығы бойынша пәнді ауыстырып, қайта тапсыра алады.

Еске сала кетейік, тамыздағы Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге ақылы негізде білім алуды қалайтын биылғы және былтырғы түлектер қатысуға құқылы.