Алматыда 20 мың студентке жатақхана жетпей қалған

Алматыда 20 мың студентке жатақхана жетпей қалған. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді.

Ведмство басшысы осыған орай, жедел штаб құрылғанын айтты. Сондықтан далада қалған студенттер тез арада сонда хабарласуы қажет. Қазір жағдай министрліктің жіті бақылауында деді. Ал өзге өңірлерде керісінше 14 мың орын бос қалған. Сондай-ақ Саясат Нұрбек 2026 жылға дейін елдегі студенттердің басым бөлігі жатақханамен қамтамасыз етілетінін айтты. Әрі бұдан былай университеттер жаңа мамандыққа қабылданатын студенттерді жатақханамен қамтамасыз етуге міндеттелетінін айтты.

Саясат Нұрбек, ҚР  Ғылым және жоғары білім министрі:

- Енді лицензиялауға өтінім беретін жеке меншік немесе мемлекеттік жоғары оқу орындарына, кез келген жаңа мамандықты ашу үшін немесе жаңа лицензия алу үшін міндетті шарт қойылады. 100 адамға лицензия өтінімін бере ме, онда сол 100 адамға жатақанхана орнын қамтамасыз етуі керек. Осы жылдан бастап заңнамалық түрде сондай шарттар енгізілді.