Астанада «Үздік педагог-2022» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды

Елордада «Үздік педагог-2022» республикалық байқауында жеңімпаз атанған 64 мұғалім марапатталды.

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов ұстаздарға ақшалай сыйлықтар мен төсбелгілер табыстады. Жеңімпаз атанған әр мұғалімге 3 млн теңгенің сертификаты берілді. Жалпы, осы мақсатқа 190 млн теңгеден астам қаражат бөлінген. Биыл байқауға 5 жарым мың педагог өтінім берген.

Асхат Аймағамбетов, ҚР Оқу-ағарту министрі:

- Үздік педагог конкурсы жылда өткізіледі. Биыл кезекті конкурс өткізудеміз. Биылғы жылдың үлкен ерекшеліктері бар. Біріншіден цифрландыру арқылы биылғы жылы рекордтық көрсеткіш, конкурсқа қатысатын мұғалімдердің. Биыл 5500 мұғалім өтінім берді. Екіншіден ашық жария өтті деп айта аламыз. Өйткені цифрландыру арқасында әр мұғалім қанша балл алғанын қай этапта тұрғанын ашық көре алды.