2023 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша 555 стипендия бөлінді

2023 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша барлығы 555 стипендия бөлінді.

Оның ішінде магистратураға 395, резидентура және докторантураға 50, тағылымдамадан өтуге 110 стипендия қарастырылған. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринның төрағалығымен өткен шетелде кадрлар даярлау жөніндегі комиссияның отырысында айтылды. «Болашақ» бағдарламасына қатысуға құжаттар биыл қыркүйек айына дейін жалғасады.