СҚО-дағы білім ошақтарында қауіпсіздік шаралары күшейтілетін болды

Өңірдегі 98 мекемеге арнайы мамандандырылған күзет қызметі қойылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол үшін жергілікті бюджеттен 230 млн теңге қаржы қарастырылып отыр. Жауапты мамандардың айтуы бойынша, олардың қатарында балабақша, мектеп және колледждер де бар. Бұдан бөлек, аталған нысандарға қосымша турникеттер орнатылады. Оған тағы 65 млн теңге бөлінді.

Естеріңізге салайық, ақпан айында Петропавлдағы нөмірі төртінші мектепте 15 жастағы бала білім ұясына балта және пышақ алып келіп, қатарластарын жаралаған еді. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр. Ал жарақат алған балалар қазір қашықтан білім алып отыр. Күдікті қамауда отыр.

Нәзір Жәшібеков, облыстық Білім басқармасының басшысы:

- Қазіргі таңда конкурстық процедуралар өтіп жатыр. Наурыз айының соңына дейін осы процедура бітеді, біздің жоспарымыз бойынша. Төртінші мектептегі жағдай қалай қазір?  Қазір тұрақты жағдай. Оқу процесі өтіп жатыр, штаттық режимде. Қазіргі таңда онда скут орналастыру бойынша конкурстық-процедуралар бітті. Келесі аптадан бастап осы жұмыстарды бастаймыз.