ҰБТ-ның екінші кезеңі аяқталды

Наурыз айындағы Ұлттық біріңғай тестілеу кезінде 200-ге жуық оқушы ереже бұзды.

Олар сматфон немесе тыйым салынған өзге де оқу құралдарын пайдалану арқылы жоғары балл жинауға  тырысқан. Ережеге бағынбаған талапкерлер тесттен шеттетілді, ал олардың нәтижелері күшін жойды. Жалпы елде ҰБТ-ның екі кезеңі аяқталды. Наурыздағы тестілеуге 100 мыңнан аса оқушы қатысты. Оның 80 пайызы шекті балды жинаған. Мамандардың айтуынша, қазір оқушылардың басым бөлігігі техникалық мамандықтарды таңдауда. 

Руслан Емелбаев, Ұлттық тестілеу орталығының директоры:

- Талапкерлер арасында, техникалық мамандықтар арасында ең көп сұранысқа ие мамандығымыз бар, ол айти саласы. Ақпараттық технология және ақпараттық қауіпсіздік бағыты бар. Сол бағыт бойынша 2023 жылғы бізде балалар енді математика информатика комбинациясымен тапсырады. Оны 11 пайызға тейін таңдап отыр. Екінші орында биология-химия жүреді.