Қ.Сәтбаевтың мерейтойына дайындық. LIVE

Келер жылы отандық геология ғылымының негізін қалаушы, мемлекет және қоғам қайраткері Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толады. 

Бүгін академиктің туған жері Ертіс-Баян өңірінде осы атаулы датаға орайластырылған шаралар бастау алды.

Ақмарал Есімханова, тілші:

- Бүгін қазақтың тұңғыш академигі, Қазақ ғылым академиясының алғашқы президенті Қаныш Сәтбаевтің туған күні. Осыған орай бірқатар дәстүрлі шара ұйымдастырылып жатыр. Солардың бірі «Сәтбаев оқулары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция.

Отандық және шетелдік ғалымдардың басын қосатын халықаралық конференция осымен 23-рет өтіп жатыр. Пандемия салдарынан екі жыл бойы онлайн форматта ұйымдастырылған. Бұл шара ғылыми қауымдастық арасында жоғары сұранысқа ие әрі отандық ғылым үшін маңызын жоғалтпаған. Оған қатысушылар саны мен тапсырылатын ғылыми қалалалардың көптігі дәлел. Мәселен, биыл 1200-ден астам ғылыми мақала тапсырылған. Қуантарлығы, оқушылар тарапынан қызығушылық жоғары. Жыл сайын студенттер, ғалымдармен қатар, ғылымға бет бұрғысы келетін  жастардың саны артып отыр. Бүгін Сәтбаев оқулары шеңберінде жас өнертапқыштардың көрмесі ұйымдастырылды. Жастар су айдындарын тазарту, шағын ғарыштық аппарат, кешенді суару құралдары сияқты жобаларын ұсынды. Конференция қатысушыларын тыңдап көрсек:

Жұпар Жанарбекқызы, конференцияға қатысушы

Шырайлым Тұрлымбет, конференция қатысушысы 

Ақмарал Есімханова, тілші:

- Сәтбаев оқулары ғылымның сегіз бағыты бойынша секциялық жұмыстармен жалғасып жатыр. Жаратылыстану ғылымдары, энергетика, физика, кәсіптік білім беру, инженерия сияқты бағыттар қамтылған. Айта кетейік, бұған дейін республика деңгейінде академиктің мерейтойына орай академиктің 10 томдық жинағы мен 5 томдық академиялық шығармалар жинағын дайындау және энциклопедиясын толықтыру, Павлодардағы әуежайға дара тұлғаның есімін беру туралы ұсыныстар айтылған еді.