Қазақстанда халықаралық 9 университеттің филиалы ашылуы мүмкін

Қазақстанда тағы 9 халықаралық университеттің филиалы ашылуы мүмкін.

Бұл алдағы 6 жылға арналған жоспар. Мұны Премьер-министр Азия университеттері Альянсының форумында айтты. Әлихан Смайыловтың сөзінше, Қазақстан сапалы жоғары білім беруге инвестиция құюға ниетті. Сондықтан еліміз жетекші әлемдік жоғары оқу орындарымен өзара ынтымақтастықты дамытып келеді. Төрт халықаралық оқу орнының кампустары қазірдің өзінде аймақтарда жұмыс істейді. Форум аясында 2 келісімге қол қойылды. Енді Назарбаев уинвеситетінің студенттері академиялық оқу бойынша Қытайдың жетекші Цинхуа университетінде және Малайзияның беделді Малайя университетінде білім ала алады. Айта кетейік, Назарбаев университеті Азия университеттері Альянсында Қазақстан атынан қосылған жалғыз оқу орыны. Бұдан бөлек қатысушылар жоғары оқу орындарының жағдайын, академиялық ұтқырлық мүмкіндіктерін және Азиядағы таланттарды тартуды талқылады.