Үш миллионға жуық оқушы жазғы лагерьде демалады

Үш миллионға жуық оқушы жазғы лагерьде демалады

Биыл 3 млн жуық оқушы жазғы демалыс және сауықтыру орындарына барады.

Оның ішінде 500 мыңнан астам жекелеген санаттағы бала бар. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты. Қазір жазғы лагерлерде балаларды қабылдауға дайындық жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр. Ел бойынша қала сыртында орналасқан 218 лагерь бар. Оның 118-і мемлекеттік. Дәстүрлі және мәдени құндылықтармен таныстыратын "Этноауыл", "Жаздық жолдама" жобалары іске асырылады. Шығармашылық және интелектуалдық бағытта білім беретін 11 мың үйірме бір жарым млнға жуық оқушыны қабылдауға әзір. Балалар киелі жерлерге саяхаттап, спорттық жаттықтыру жиындарына қатысады. Ал «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша қоршаған ортаны көгалдандыруға атсалысады.

Ғани Бейсембаев, ҚР Оқу-ағарту министрі:

- Бүгін Үкімет отырысында барлық мемлекеттік органдарға тапсырма берілді. Балалардың жазғы демалысын сапалы және қауіпсіз жағдайда өткізу министрліктің үнемі назарында болады. Жазғы каникулда балалар үшін әсерлі әрі мазмұнды өткізу мақсатында барлық мемлекеттік мүдделі органдарды, білім беру ұйымдарын, педагогтерді, ата-аналарды, жалпы барлық қоғамдастықты бірлесе күш жұмылдыруға шақырамыз.