2,4 трлн теңгеге 369 мектеп салынады

Келер жылдан бастап елде 369 заманауи жаңа мектеп бой көтереді.

"Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында салынатын бұл білім ордалары үш ауысымды оқыту және мектептердегі орын тапшылығы мәселесін шешуге бағытталған.

Атап айтсақ, 2024 жылы – 217, 2025 жылы – 152 мектеп қолданысқа берілмек.

Осылайша ауыл мен қаладағы 740 мың оқушы жайлы ортада білім алу мүмкіндігіне ие болады.

Президент тапсырмасына сай қолға алынған бағдарламаны жүзеге асыруға қазынадан 2,4 трлн теңге бөлінген.