Министр: Оқу аптасын ұзарту қажет

Жаңа оқу жылы 25 мамырда аяқталады. Республикалық тамыз конференциясының пленарлық отырысында Үкімет басшысының орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова осылай деді.

Ол 36 апталық оқу жылына көшу туралы шешімнің орынды екенін, бірақ әзірге асығыс қабылданғанын атап өтті.

Өз кезегінде оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев оқу жылының ұзаруына, сарапшылардың қарсы еместігін жеткізді. Тек дайындық қажет. Қазір мектеп бағдарламалары жетілдіріліп жатыр. Ал бастама 2025 жылға дейін шегерілді.

Ғани Бейсембаев, ҚР Оқу-ағарту министрі:

- Елімізде оқу аптасын ұзарту қажет дүние. Әлемдегі озық мемлекеттерде бар үрдіс. Бірақ біздің мектептеріміздің, оқу бағдарламалардың, оқулықтың және мектептің материалдық-техникалық базасының оған сәйкестендіру мәселесіне көп назар беру тұрғысынан сарапшылар ой-пікірлерін білдірді. Сондықтан біз бұл мәселені асығыс бастамай, пайдалы жағына көбірек келу үшін әзірге 25 мамырға қайта тұрып, оған жақсы дайындықпен келу қажеттігі тұрғысынан айтылған сарапшылардың ой-пікірі қабылдадық.