Колледж студенттері үш мамандық игеріп шығады

190 мың талапкер техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарына оқуға түсті.

Оның дені мамандығын мемлекеттік тапсырыс негізінде тегін алады. Ал 10 мың студентті кәсіпорындар ұсынған.

Биыл геология, энергетика, металлургия және машина құрастыру, сондай-ақ көлік, IT, құрылыс, педагогика және медицина бағыттарына басымдық беріледі.

Ғылым және жоғары білім министрлігі грант санының 50 мыңға дейін артқанын хабарлады. 75 мың студент квотаның игілігін көрді.

Жаңа оқу жылынан бастап, шәкіртақы мөлшері 50 пайызға артады. Студенттердің тегін тамақтанып, ақысыз жол жүруіне де жағдай жасалған. Бұған қоса, үш біліктілік алуға мүмкіндік бар.