250 орындық мектепті екі жыл салған

Қызылорда облысының Қазалы ауданында салынып жатқан 250 орынды мектептің құрылысы межелі мерзімінде аяқталмады.

Жаңа білім ошағының ғимараты өткен жылдың соңында қолданысқа берілуі керек еді. Одан бері 9 ай өтті. Мектеп құрылысының қазір 85 пайыздайы ғана еңсерілген. Ал осы маңдағы оқушылар Әйтеке би кентіндегі өзге мектептерге қатынап оқуға мәжбүр.

Құрылыстың соншалықты ұзап кетуіне құрылыс материалдарының уақытылы жеткізілмеуі себеп болған. Сонымен қатар техникалық қадағалаушының жұмысынан да шикіліктер шыққан.

Осындай олқылықтар орнына келтірілгеннен кейін ғана мектеп құрылысы қайта жанданды, қазан айында пайдалануға беру жоспарланып отыр, - дейді жауапты мамандар.

Мұнан бөлек алдағы уақытта Қазалы ауданында тағы екі «Жайлы мектеп» салу жоспарланған. Бұл оқу ошақтары іске қосылса, ауданда барлық мектеп тек бір ауысымда білім беретін болады.

Жалғас Сүйеубаев, Қазалы ауданы әкімінің орынбасары:

- Қазір апаттық мектеп бізде Жаңқожа батыр ауылында. Оған биыл осы «Жайлы мектеп» бағдарламасы бойынша мектеп құрлысы басталады. Келесі жылы осы Әйтеке би кентіндегі №149 мектеп лицейі де екі ауысымды. Сол аумақтан тағы 600 орындық «Жайлы мектеп» басталады.