Ғалымдар киіктерді қолда ұстау әдісін әзірлеп жатыр

Отандық ғалымдар киіктерді өнеркәсіптік бағытта ұстау әдісін әзірлеп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандар жануарлардың бір бөлігін қолға үйретуге болады деп пайымдайды.

Ғалымдар биыл табиғи ортадан алынған 200 киік лағын зерттеген. Олар Ұлытау және Батыс Қазақстан облыстарындағы тәлімбақтарға жіберілген. Нәтижесінде Орал популяциясының иммунитеті төмендеген. Бұл болашақта жануарлардың індет жұқтырып, қырылуына әкелуі мүмкін, - дейді Батыс Қазақстан агротехникалық университетінің профессоры Қайсар Кушалиев.

Қайсар Кушалиев, Жәңгірхан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университетінің профессоры:

- Болашақта осы тәлімбақтарды ұстағанда киіктердің өзі көз алдымызда. Соның ішінде ауруларын, үлкендерін өзіміз реттеп отырып, жылжымалы биокомбинаттар дейміз. Соның ішінде киіктерді гуманды түрде реттеуге болатынын көздеп отырмыз. Қазақстан бойынша осындай «питомниктер» көбейсе, әртүрлі аурулардың алдын аламыз.