Көкшетаудағы азаматтық қорғау академиясында 100 курсант ант қабылдады

Көкшетау қаласында Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының 100 курсанты ант қабылдады.

Ант берушілер абыроймен қызмет атқаратынына және оларға артылған үмітті ақтайтынын айтты. Еліміз егемендік алып, еңсесін тіктегелі бері Академия 6 мыңға жуық маман шығарды. Сондай-ақ, үкіметаралық келісімдерді іске асыру шеңберінде жыл сайын Ресей мен Беларусьтегі жоғары оқу орындарына 20 курсант жіберіліп отырады.

Сырым Шәріпханов, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:

- Біздің алдымызда үлкен міндет. Академияның ұжымы, жоғарғы курстың курсанттары, бірінші курстың курсанттарына жан-жақты көмек көрсетіп, қолдау жасап көмектесу, ең бірінші міндет сіздерде.