Шымкентте халықаралық білім беру бизнес форумы өтті

Шымкентте халықаралық білім беру бизнес форумы өтті

Шымкентте «Арманда» халықаралық білім беру бизнес форумы өтті.

Онда отбасы құндылығы, бала тәрбиесі және тұлғалық даму тақырыптары талқыланды. Елге танымал спикерлер қоғамда жиі қозғалатын мәселелерді көтеріп, қатысушылармен кері байланыс орнатты. Еркін форматта пікір алмасып, кәсіп ашқысы келетін жастарға бағыт-бағдар берді. Сонымен қатар білім көкжиегін кеңейтудің маңызын түсіндірді. Ұлттық құндылықтарды насихаттап, тұрғындарды еңбекқорлыққа үндеді.

Жан Мұқанов, продюсер:

- Бұл жерде халықтың ойын қарау, халықтың не ойлап жатыр, қандай да бір сұрақтарына жауап беру, жан-жақты саланың адамдары жиналып, осындай дүние жасап жатырмыз. Негізі Арман Дәулетияров ағамыз өзі бастап жатыр бұны. Әдемі, жақсы қабылдап жатыр. Адам деген көп.