Баланы тәрбиелеу мен оқыту үрдістері елордадағы конференцияда талқыланды

Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың заманауи үрдісі қалыптасып жатыр.

Бүгін бұл тұрғыдағы жұмыстар II халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда талқыланды. Астанада өткен жиынға еліміздің түкпір-түкпірінен 100-ден астам педагог-практик қатысты. Олар Өзбекстан және Малайзия елдерінен келген мамандармен мектепке дейінгі білім беру саласы бойынша өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды. Сондай-ақ осы бағыттағы өзекті мәселелерді талқылап, оның шешу жолдарын қарастырды.

Алма Қарабаева, балабақша директорының орынбасары:

 - Педагогтердің ойы трансформация болу керек. Олар оқыту ортасын да өзгерту керек. Трансформация – өзгерту дегеннің мағынасын дұрыс түсінуіміз керек. Әсіресе біздің мектепке дейінгі білім берудегі мәселе өзекті болып тұр. Сондықтан біз өз тарапымыздан білім сапасын көтеруге, өзгертуге және білім сапасын көтеруге өз үлесімізді қосқымыз келеді.