Алматыда ядролық зерттеулер төңірегінде жиын өтті

Алматыда «Біріккен ядролық зерттеулер институтына» мүше мемлекеттер үкіметтерінің өкілетті уәкілдері комитетінің кезекті сессиясы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиында институттың өткен жетіжылдықта жасаған ғылыми жобалары талқыға салынды. 2023-2030 жылдарға арналған институт жұмысының жоспары мен қаржылық есебі белгіленді.

Айта кетейік, біріккен ядролық зерттеулер институты мен Қазақстан тарапы бірнеше жобаны жүзеге асырған. Атап айтқанда, NICA жобасы бойынша детекторлар құрастыруда қазақстандық ғалымдардың үлесі зор. Қазір Ресейде орналасқан Біріккен ядролық зерттеулер институтында 90 қазақстандық ғалым түрлі зерттеулермен айналысады.

Саябек Сахиев, Ядролық физика институтының бас директоры:

- Біріккен ядролық зерттеулер институтының тағы бір Қазақстан үшін маңыздылығы, енді Қазастанда ультра салқын нейтрондық, әлемдегі ең теңдессіз сондай көзін ашу Ядролық физика институтына мүмкіндік туып тұр. Яғни, Қазақстанға да Megascience жобалар келеді. Әлемнің жетекші ғалымдары Ядролық физика институтындағы су зерттеу реакторының негізінде сол жерде зерттеулерін жасауға даяр.