ІТ мамандарға арналған жаңа жоба

Семейде ІТ мамандарды даярлауға бағытталған UpStars жобасы басталды.

Жоба аясында оған қатысушылар екі ай бойы дерек қорларын сараптау мен визуализация жасауды үйренеді. Еліміздің әр аймағынан келген жастарға ІТ саласының жетекші мамандары дәріс береді. Алаңсыз білім алуы үшін жатақхана да қарастырылған. Олар дайындықтан өткен соң әлемнің алдыңғы қатарлы компанияларында жұмыс істей алады.

Айдын Мұстафа, жобаға қатысушы:

- Алматыдан келіп отырмын осы оқуға. Деректерді талдау саласында. Бұрыннан осы салаға қызығамын. Бірақ өзім туризм саласының маманымын. Жеке туристік агенттігім бар. Бірақ ол жұмысты тоқтатып, міне оқуға келіп отырмыз. Бұл салада тәжірибесі мол. Тәжірибелі маман. Бізбен өзінің білімімен, тәжібиесімен бөлісуге дайын. Жақсы мүмкіндік.