Сабақ онлайн форматқа ауысты

Петропавлда мектептердегі сабақ онлайн форматқа ауысты. Өңірде кешеден бері жаңбыр жауып, жел соғып, ауа райы күрт бұзылды.

Салдарынан көшелер көктайғаққа айналды. Таңғы ауысымдағы оқушылар бүгін қашықтан оқуға көшті.

Көктайғақтың салдарынан қалада қоғамдық көлік қозғалысы да қиындай түсті. Таңертең халық жұмысына кешікті. Қазір шаhарда коммуналдық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Өткен тәулікте облыс орталығында жарақат алған 50-ге жуық адам медициналық көмекке жүгінген.

Бұлбұл Ахмадиқызы, қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары:

- Жаяу жүру жолдарының барлығы да көктайғақ болғандықтан, балалардың қауіпсіздігіне, денсаулығына зиян келмес үшін осындай шешім қабылданды. Ал екінші ауысымның балаларын 12-ге қарай метео жағдай қалай болады, солай хабарланып отырады. СОЧ-тарды үйлерінде тапсыруға мүмкіндіктері бар. Веб камераларын қосады.