«Балдәурен» лагері Қапшағай жағасындағы бөлімшесін скаут стиліне өзгертті

«Балдәурен» лагері Қапшағай көлінің жағасындағы филиалын скаут стиліне өзгертуді қолға алды.

Енді онда Қонаев қаласындағы десант әскері жоғары сынып оқушыларына әскери-патриоттық тәрбие беру ісіне атсалысады. Бұл өз кезегінде балаларды әскери өмірге машықтандырып, бірлік пен тұрақтылық, заң мен тәртіп, сенім мен жауапкершілік сияқты құндылықтарды жастайынан бойларына сіңіруге үндейді.

Жарқынай Қажымұқанова, «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының кешен басшысы:

- 1 жылда бізде 15 ауысым бар. Әр ауысымға 283-287 баладан келеді. Оның 70 пайызы ұлдар, 30 пайызы қыздар. Әрине өте ұнап жатыр. Әсіресе 10-сыныптың ұлдарына өте қажет. Практикалық түрде көптеген іс-шараларға олар қатысып жатыр.