Ғалымдардың негізгі жалақысына қосымша ақы төленуі мүмкін

Ғалымдардың негізгі жалақысына қосымша ақы қосылуы мүмкін.

Оның мөлшері ғылыми дәрежесі мен атағына байланысты. Мәселен, доценттерге 25 айлық есептік көрсеткіш, профессорларға 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде қосымша қаржы беріледі. Сондай-ақ олар ғылыми-зерттеу жұмысын аяқтау үшін 1 жылға демалыс ала алады. Осы уақытта жұмыс орнынан орташа жалақы төленеді. Бұл жайлы мәжіліс депутаты Нұргүл Тау мәлімдеді. Сонымен қатар енді өңірдегі әкімдіктер ғылыммен айналысуға мүмкіндік алады. Яғни жергілікті атқарушы билік ғылыми жобалар мен бағдарламаларды ұйымдастыратын құзіретке ие болуы мүмкін.

Нұргүл Тау, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- ҚР кейбір заңнамалық актілеріне ғылым және білім беру мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы ҚР Заңының жобасы депутаттардың бастамашылық етуімен 2023 жылы 28-мәжілістің қарауына енді. Заң жобасы ғылымдағы мәселелерді жетілдіру бойынша бағытталған.