Академиялық адалдық мәселесі талқыланды

Жоғары білім берудегі академиялық әділдіктің ролі.

Бүгін Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде осы тақырыпқа арналған семинар өтті. Оған университеттердің оқу ісі жөніндегі проректорлары, басқарма басшылары мен профессорлар қатысты. Іс-шара жоғары оқу орындарындағы академиялық адалдықты ілгерілетуге, плагиат сияқты құқық бұзушылықтың алдын алуға, «Заң және Тәртіп» қағидатын дәріптеуге бағытталған. Семинар кезінде жоғары білім саласындағы құқықтық мәдениет талқыланды. Сондай-ақ жасанды интеллект дәуірінде академиялық адалдықты сақтау мәселесі қаузалды.

Айдос Мұқатаев, жоғары білімді дамыту ұлттық орталығының ғылыми кеңесшісі