Алматыда JasSkills байқауы басталды

Алматыда жұмысшы мамандығын насихаттауға арналған JasSkills қалалық байқауы басталды, деп хабарлайды 24KZ.

Оған жоғары сынып оқушылары қатысып жатыр. Болашақта туризм және қонақүй индустриясы, мейрамхана бизнесінде жұмыс істеп немесе автомеханик болғысы келетін оқушылар бақ сынап жатыр.

JasSkills қалалық байқауына ниет білдіргендер аз емес. Әр колледжге 20-ға жуық оқушы жиналып, үздік атанбақ. Мысалы, Ангелина Бараникова болашақта кондитер болғысы келеді екен. 

Ангелина Бараникова, байқауға қатысушы:

- Бұл колледжде анам білім алған. Менде осы колледжді таңдап отырмын. Осы жарыста барлық шеберлігімді көрсетіп, жеңімпаз атанып, тегін білім алғым келеді. Болашақта кондитер болуды, өзімнің тәттілерімді пісіруді армандаймын.

Былтыр Алматыға 2 миллионнан астам турист келген. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 12%-ке көп. Шетелдік саяхатшылардыңда қатары артып келеді. Жыл соңына дейін 7 қонақүй пайдалануға беріледі. Демек туризм саласымен байланысты жұмысшы мамандықтарға сұраныс көбейеді.

Нұрдәулет Жабықбаев, Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжінің директоры:

- Мақсатымыз – жұмысшы мамандығын дәріптеу. Кәсіптік-техникалық білімнің мәртебесін өсіру. Жас мектеп оқушылары арасында. Мамандық таңдауда келіп, көріп, дұрыс таңдау жасайтындай болып. Әрі қарай да үлкен жетістіктерге жетуіне мүмкіндік береді деген ойдамыз.

Ал Алматы автомеханика колледжіне келген оқушылар қозғалтқыштың белдігін ауысытырып, беріліс қорабаның бесінші сатысын ашып жарысты. Алматыда машина көп. Бірақ дипломы бар шеберлер аз. JasSkills байқауы білікті механиктердің қатарын арттыруға септігін тигізеді, – дейді ұйымдастырушылар.

Темірбек Рахменов, Алматы автомеханика колледжінің директоры:

- Автокөлік өндірісі бойынша бағыт-бағдар бойынша оқытылады. Автокөлікті жөндеу және қызмет көрсету, токарьлық іс және дәнекерлеу ісі қалыптасқан. Өйткені осы мамандықтардың бәрі автокөлікті дайындау кезеңінде қажет болып табылады.

Мамандық таңдау – маңызды іс. Оқушы өзінің қызығушылығына ғана емес, қабілетіне де сүйену керек. Балаларға кәсіптік бағдар беруге арналған байқау 30 сәуірге дейін жалғасады.

Авторлары: Аршын Кемелжан, Әбен Нарымбаев.