Алматыда физика-математика бағыты бойынша зияткерлік сайыс өтті

Алматыда жоғары оқу орындарының 1-курс студенттері арасында физика-математика бағыты бойынша зияткерлік сайыс өтті. Ол Халықаралық «Пи» күніне және қазақтың тұңғыш инженері Мұхамеджан Тынышбаевтың 145 жылдығына арналды. Биыл бұл шара Логистика және көлік академиясында өтті. Жарысқа түрлі университеттерден ондаған команда қатысты. Сайыс үш кезеңнен тұрады. Студенттер тест тапсырып, блиц сұрақтарға жауап береді. Өздерінің университеттері туралы бейнеролик көрсетіп, инженерлік сала бойынша ғылыми жобаларын қорғады.

Салтанат Әмірғалиева, Логистика және көлік академиясының ректоры:

- Негізгі мақсат бұл жаратылыстану ғылымы бағытындағы біздің студенттеріміздің әлеуетін көтеру. Өздеріңіз білесіздер «Пи» саны математикадағы өте бір әдемі керемет сандардың бірі. Сұрақтардың барлығы физика және математика ғылымдарындағы негізгі өзекті сұрақтар және өзекті қағидалар мен теорияларға байланысты.