Түркістанда жас ғалымдар бас қосты

Түркістанда жас ғалымдар бас қосты

Түркістанда еліміздің әр аймағынан келген жас ғалымдар бас қосты.

Олар климаттың өзгеруіне байланысты күрделі сын-қатерлер мен оған қарсы тұрудың жолдарын талқылады. Саммитте ғылыми жобалаларды халықаралық қаржыландыру тетіктері қаралды. Халықаралық ғылыми-технологиялар орталығының дерегінше, соңғы 30 жылда елімізде 220-дан астам ғылыми жоба жүзеге асырылып, оған 5 мыңнан аса ғалым тартылған. Жиын соңында жас ғалымдар медицина, атом өнеркәсібі және климаттың өзгеруі сияқты кең ауқымды тақырыптарды қамтитын жобаларымен таныстырды. Түркістандық жас ғалым Нұрсұлтан Сәрсенбайұлы қатерлі ми ісігін бірнеше жылдан бері зерттеп жүргенін айтады.

Нұрсұлтан Сәрсенбайұлы, Қ.А.Яссауи атындағы қазақ-түрік университеті медицина факультетінің PhD аға оқытушысы:

- Қазіргі таңда әлем бойынша осы онкологиялық аурулар өте өзекті. Бұрындары ол жас өсе келе жиынтықталуымен болса, қазір таңда жаңа туған нәрестелерде немесе ерте жастағы науқастарда кездесу жиілігі өте жоғары. Осы ісіктерді басушы әрекеттерін зерттеу жұмыстарын жүргізген болатынмын. Сол жұмыстың нәтижелерін осы саммитте қорғауға ұсынудамын.