352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды

  • 305
Қарағанды облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды

Аймақтағы Нұра өзенінде су тасқыны басталды.

Ал Самарқанд су қоймасында 26 наурыздан бастап су жіберу көлемін секундына 120 текше метрге дейін ұлғайтқан. Синоптиктер 26-30 наурызда күннің жылынуына байланысты Қарағанды облысының өзендерінде көктемгі су тасқыны болуы мүмкін деп болжап отыр. Құтқару қызметінің мамандары апаттың алдын алу үшін Нұра өзенінде мұз жару  жұмыстарын жүргізді. Жалпы облыста көктемгі су тасқынына қатысты жағдай тұрақты.

Роман Андриянов, «Қазгидромет» РМК облыстық филиалының директоры:

- Өткен аптада қардағы судың қоры екі есеге дейін қысқарған. Сонымен қатар бүгіннен бастап наурыздың 30-ына дейін ауа райына қатысты ескерту жарияланып отыр. Жауын-шашын болуына байланысты жеке секторлардағы жер үйлерге су кіру және автомобиль жолдарын су шайу қаупі бар.

Хабар 24 телеарнасы