USD 346,51

EUR 401,20

РУБ 5.48

Алдағы тәуліктерде ауа райы құбылмалы болады

  • 224
Алдағы тәуліктерде ауа райы құбылмалы болады

Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады.

Әсіресе Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашынның көлемі артып, желдің екпіні күшейді. Дәл осындай жағдай солтүстік аймақтарда да байқалады. Ал қалың қар жатқан батыс өңірлерде күн жылына бастайды. Астанада әлі де ызғар сақталады.

Синоптиктердің болжауынша, көпшілік асыға күтіп жүрген нағыз көктем келесі аптада ғана рең бере бастайды.

Айнұр Қайыңбаева, «Қазгидромет» РМК инженер-синоптигі:

- Демалыс күндері елімізден циклон басып өтеді. Яғни еліміздің оңтістігінде жаңбыр кей жерлерде қатты жаңбыр, найзағай, желдің екіпіні 18-25 метр секундқа жетеді. Ал еліміздің солтүстік және шығысында циклон өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын, көбінесе қар, бұрқасын және желдің екіпіні артады.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде