359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Екі облысқа дауылды ескерту жарияланды

  • 343
Екі облысқа дауылды ескерту жарияланды

Қазгидромет екі облысқа дауылды ескерту жариялады.

15 маусымда Ақмола облысында кей жерлерде найзағай күтіледі, оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндіз кей жерлерде дауыл болады, бұршақ жаууы мүмкін.

Астана қаласында күндіз 15 маусымда найзағай күтіледі, оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын желдің екпіні 15-18 м/с жетеді.

Осы күні Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с.

Хабар 24 телеарнасы