359.76 423.70 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада бұршақ жауады

  • 397
Астанада бұршақ жауады Baq.kz

Синоптиктердің болжауынша, күн райы антициклонның әсерінен күрт құбылады.

Солтүстіктің бірқатар аймағында да жауын-шашын болады. Желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетуі мүмкін. Ал батыс аймақтарда күн ысиды. «Сынап бағанасы бұл өңірлерде күндіз 42 градусқа дейін көтеріледі», – дейді мамандар.

Айгүл Алданбергенова, «Қазгидромет» РМК инженер-синоптигі:

- Алдағы үш күнде Астана қаласында кей уақытта жаңбыр жауады, найзағай болады және де күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Найзағай кезінде желдің екпіні 15 м/с дейін жетеді. Ауаның температурасы түнде 11-13, күндіз 22-24 градус жылы болады. Алматы қаласында 26 маусымда жаңбыр жауады, найзағай болады.

Хабар 24 телеарнасы