352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

  • 121
Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 27 маусым күні Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде жаңбырмен бірге найзағай болады, жел күшейіп, дауыл, бұршақ болуы ықтимал.

Тек республиканың батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-25 м/с болып, күндіз кей жерлерде дауыл, бұршақ болуы ықтимал, түнде Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, күндіз Қостанай облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с болады, Қарағанды, күндіз Жамбыл облыстарының кей жерлерінде бұршақ болуы ықтимал. Күндіз Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 /с күшейіп, бұршақ жаууы ықтимал, Түркістан облысының кей жерлерінде дауылды жел күтіледі. 

Күндіз Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында қатты ыстық сақталады, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында ауа температурасы жоғарылайды.

Хабар 24 телеарнасы