359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мереке күндері Астанада аптап ыстық болады

  • 249
Мереке күндері Астанада аптап ыстық болады forpost

Синоптиктер шілде айының 6-8 күндері Астанада ыстық ауа райы сақталып, өткінші жаңбыр жаууы мүмкін деп болжам жасап отыр.

Мамандардың айтуынша. 6 шілде күні көшпелі бұлт шығып, күндіз өткінші жауын жауады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел бағытын оңтүстікке ауыстырып 3-8, желдің екпіні күндіз 14 м/с. Ауа температурасы түнде +16...+18°С, күндіз +31...+33°С.

7 шілде күні де көшпелі бұлт Астанаға өткінші жауын әкеледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел бағытын өзгертіп, солтүстік-батыстан 5-10 м/с тұрады. Ауа температурасы түнде +21...+23°С, күндіз +33...+35°С.

8 шілде күні көшпелі бұлт шығады, бірақ жауын жаумайды. Солтүстік-батыс соққан жел бағытын өзгертіп, оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен 2-7 м/с соғады. Ауа температурасы түнде +18...+20°С, күндіз +34...+36°С.

Хабар 24 телеарнасы