352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанның қай өңірлерінде аптап ыстық болады?

  • 452
Қазақстанның қай өңірлерінде аптап ыстық болады? antikor.com.ua

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың кей жерлерінде жаңбырмен бірге найзағай болады, бұршақ жаууы мүмкін, тек батыста, оңтүстікте және оңтүстік-батыста ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, шаңды дауыл күтіледі. Солтүстікте түнде және таңертең тұман болады.

Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай, күндіз кей жерлерінде шаңды дауыл, дауыл, жел 15-20 м/с күтіледі, бұршақ болуы мүмкін, Солтүстік Қазақстан облысының түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіледі. Қызылорда облысында таңертең және күндіз кей жерлерінде найзағай, дауыл, жел 15-20 м/с күтіледі. Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде найзағай, жел 15-20 м/с күтіледі, Қостанай облысында бұршақ болуы мүмкін. Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарында, күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай, Ақмола облысының кей жерлерінде күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Қарағанды облыстарында, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде және Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде аптап ыстық күтіледі.

Ақпарат көзі: Қазгидромет

Хабар 24 телеарнасы