369.54 425.20 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алдағы тәуліктерде Астанада ауа райы қандай болады?

  • 171
Алдағы тәуліктерде Астанада ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Синоптиктердің болжауынша, 20 шілдеде Астанада көшпелі бұлт шыққанымен, жауын жаумайды. Оңтүстік-шығыс, шығыстан соғатын желдің екпіні 5-10 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде +17...+19°С, күндіз +30...+32°С.

21 шілде күні де ауа райы құбылмалы болады. Күндіз қысқа мерзімді жауын жауып, найзағай жарқылдауы ықтимал. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 5-10 м/с құрамақ. Сынап бағанасы түнде +17...+19°С, күндіз +27...+29°С көрсетеді.

Ал жексенбіде, яғни 22 шілдеде ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 5-10 м/с, кейде 15 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +11...+13°С, күндіз +18...+20°С.

Хабар 24 телеарнасы