Астанада мектеп формасын қайдан сатып алуға болады? - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 359,46

EUR 409,95

РУБ 5.43

Астанада мектеп формасын қайдан сатып алуға болады?

  • 202
Астанада мектеп формасын қайдан сатып алуға болады? elorda.info

Елорданың Білім басқармасы жаңа оқу жылына арналған мектеп формасына қатысты ұсыныс білдірді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Төменде Астана қаласында орта білім беру ұйымдарындағы міндетті мектеп формасына қойылатын бірыңғай талаптар туралы ақпарат берілген.

Мектеп формасының түсі – қою көк. Сондай-ақ мектеп формасының үлгісі классикалық стильде болуы қажет.

Ұлдардың мектеп формасы: пиджак, жилет, шалбар, мерекелік ақ жейде, күнделікті ақ жейде (қысқы мезгілде: трикотаж жилет, ақ водолазка). Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады. Кемінде жейде, жилет пен шалбар талап етіледі.

Қыздардың мектеп формасы: пиджак, жилет, юбка, шалбар, классикалық жейде (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, водолазка). Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады, юбка ұзындығы тізеден 5 см-ден жоғары емес.

Сонымен бірге басқарма мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайтынын ескертті.

Мектеп формасына орта білім беру ұйымының ерекшелік белгілерін (белгілер, тігіспелер және т.б.) салуға болады. Олар киімнің немесе аксессуардың (пиджак, жилет) жоғарғы бөлігінде орналасады. Эмблема эскизін мектептің сайтынан жүктеп алуға немесе мектептен алуға болады.

Мектеп формасына қойылатын талаптар бойынша жарақаттайтын фурнитурасы бар киім мен аксессуарлар киюге тыйым салынады.

Форманың матасы ретінде қасиеттері жақсартылған жартылай жүн және мақта, киіске төзімді, антибактериалдық, антимикробтық және антистатикалық қасиеттері бар маталар қолданылады. 75-85% табиғи маталар (және т.б. мақта, жүн,) және киімнің мыжылын болдырмау мақсатында синтетикалық қоспалардың 15-25% бар маталар ұсыналады.

Форма жеткізушісін ата-аналар өз қалауы бойынша таңдай алады. Бастысы, сіз алған мектеп формасы жоғарыда келтірілген шарттар мен талаптарға сай болуы тиіс. Мектептер ата-аналарды мектеп формасын бір жеткізушіден мәжбүрлеп алғыза алмайды. Олай болған жағдайда 55-68-53 нөміріне хабарласып немесе This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электронды поштасына жазып, шағымдануға болады.

Сонымен қатар Білім басқармасы Астанада отандық мектеп формасын шығаратын 32 жеткізуші жұмыс істейтінін хабарлайды. Олардың толық тізімі пен мекенжайлары мына жерде жарияланған.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде