353.64 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Екі облысқа ауа райына байланысты ескерту жарияланды

  • 136
Екі облысқа ауа райына байланысты ескерту жарияланды gazeta-rybinsk.ru

«Қазгидромет» ауа райына байланысты екі облысқа ескерту жариялады.

30-31 шілде күндері Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, жел күшейіп, бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Шілденің 30-ы күні күндіз желдің екпіні секундына 25 метр болады. Түнде және таңертең облыстың бірқатар аймағында тұман түсуі ықтимал. 31 шілде күні түнде кей жерлерде нөсер жауын жауады. Астанада 30-31 шілде аралығында найзағай ойнап, бұршақ жауып, солтүстік-шығыстан екпіні секундына 15-20 метр болатын жел соғады. Дауыл соғу мүмкіндігі 80-85%.

Сонымен қатар 30 шілде күні Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жылдамдығы секундына 15-20 метр болатын жел соғып, арты шаңды дауылға ұласады.

Хабар 24 телеарнасы